21.10.2025
22:48
361
Исландияда алғаш рет масалар пайда болды

Исландияда алғаш рет масалар пайда болды

Исландияда алғаш рет масалар анықталды. Бұл туралы RUV телерадиокомпаниясына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

16 қазан күні кешкісін мен біртүрлі шыбынды байқадым. Бірден бұл маса болуы мүмкін деген күдік туды да, тез ұстап алдым, - дейді табылған жәндік туралы хабарлаған энтомолог Бьёрн Хьялтасон.

Исландия табиғи тарих институтының профессоры Маттиас Альфредсон ғалымның мәліметін растады. Ол Бьёрн үш масаны анықтағанын айтып, олардың Culiseta annulata түріне жататынын мәлімдеді. Бұл түр суыққа ерекше төзімділігімен белгілі.