10.11.2025
09:31
690
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан үздік бестікте

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан үздік бестікте

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласындағы VІ Ислам Ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан құрамасы Аруна Жангельдина (дзюдо), Әділбек Мусин мен Софья Сподаренко (екеуі де – жүзу) жеңіп алған алтын медальдің арқасында жалпыкомандалық есепте ТОП 5-тікке көтерілді.

Қазір ұлттық құраманың қоржынында 13 медаль - 3 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.

Жүлде кестесі:

  1. Түркия
  2. Өзбекстан
  3. Нигерия
  4. Индонезия
  5. ҚАЗАҚСТАН
  6. Әзербайжан
  7. Мысыр
  8. Алжир
  9. Біріккен Араб Әмірліктері
  10. Иран

Бүгңн отандастарымыз ауыр атлетика, дзюдо (аралас командалық сайыс), үстел теннисінен (ерлер құрамасы), жүзуден (еркін, шалқалай, баттерфляй әдісі, эстафета) кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салады.