12.08.2022
02:34
1393
Ислам ойындары. Ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Ислам ойындары. Ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 253 (114+139) келі көтерді.

Екінші орынды Мансур Алсалим (Сауд Арабиясы) иеленді -252 (115+137) келі. Үздік үштікті 244 (110+134) келі көтерген Индонезиядан келген Ади Нугрохо тұйықтады.

Естеріңізде болса, бұған дейін ел құрамасы 11 медаль алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.