Ислам ойындары: Қазақстан гимнастикадан тағы 3 медаль алды

19 Тамыз 2022, 01:21 1251

Ал көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды.

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама командасының өкілі Аида Бауыржанова Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Гимнастика федерациясына сілтеме жасап.

Аида еркін жаттығулар бойынша алтын, бөрене үстіндегі және қоссырықтағы жаттығулардан сәйкесінше күміс және қола жүлделерге ие болды.

Бұған дейін қазақстандық көркем гимнастика шебері Елжан Таниева Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды. Ал көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды.

Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетті.

Бөлісу: