20.09.2025
15:17
402
Ислам Евлоев әлем чемпионына еш мүмкіндік қалдырмады

Ислам Евлоев әлем чемпионына еш мүмкіндік қалдырмады

Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен 3 салмақтағы іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық құрама спортшысы Ислам Евлоев (-87 кг) алғашқы белдесуінде 2019 жылғы әлем чемпионы Лаша Гобадзені (Грузия) таза жықты. Отандасымыз төрттағанда сауатты қорғанып, өз мүмкіндігі келгенде қарсыласының жауырынын жерге тигізді.

Исламның 1/8 айналымдағы қарсыласы Армения немесе Норвегия өкілі болады.

Айта кетейік, Евлоев былтыр U20 жас санатында әлем және Азия чемпионатында топ жарған.