Деректерді eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады

24 Маусым 2022, 10:52 1688

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады

Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам ақпараттық жүйелер, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелері хакерлік шабуылдарға ұшырайды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Қандай деректер хакерлер мен алаяқтардың қолында екеніндігі жайлы eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады.

Қазіргі уақытта ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Зерде» Холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, еліміздің азаматтарына eGov mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр.

EGov mobile мобильдік қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келетін болады. Іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.

– Барлық азаматтар хакерлік топтар, алаяқтар немесе бәсекелестердің жеке деректерді қандай оймен қолданатынын біле бермейді. Біздің мақсатымыз – пайдаланушыларды ықтимал жағымсыз салдардан барынша қауіпсіздендіру және қойылған міндетті бірлесіп шешу үшін eGov mobile қосымшасы арқылы олардың құпия сөздері мен деректерінің жария етілуі туралы хабарлар ету және ескеру, - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

Айта кету керек, 2021 жылы «ҰАТ» АҚ қызметтер мен қоcымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы Bug Bounty-ға қосылды. Bug Bounty киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілермен ұшу қорытындысы бойынша 10-нан астам елден 50-ге жуық Электрондық үкіметтің (eGov.kz порталы) осалдылығы анықталды және олар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерімен жойылды.

Бөлісу: