"Ісік пайда болды". Сиви Махмуди денсаулығына қатысты құпиямен бөлісті

8 Қаңтар, 16:29 6482

Танымал әнші Сиви Махмуди “Жұлдызды weekend” бағдарламасына қонаққа келіп, пластикалық отаға бірнеше рет жүгінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі мұрны бір-екі рет сынған соң, пластикалық отаға жүгінгенін жасырмады. Сондай-ақ, төсіне де операцияны сән үшін істемегенін айтты.

Омырауымды сән қуып өзгерткен жоқпын. Денсаулығым сыр бергесін мұрынның алдында жасаттым. Ісік пайда болды. Соны алдырттым. Бірақ отадан кейін төсімнің формасы өзгергенін байқадым. Босанған әйел болғасын омыраудың өзгеруі – заңдылық. Басқа қыз-келіншектер секілді сән қуып өзгертпедім, – деді ол. 

Әнші қазір денсаулығы ақырындап қалпына келіп жатқанын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: