Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты

27 Қыркүйек 2022, 15:24 1193

Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара – шетелдік автокөліктерді заңдастыру. Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%).

 – Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу, – деді министр.

Бөлісу: