Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады

Бүгiн, 04:15 169

Астанада көлік ұрлау қылмысының тағы бір фактісі тіркелді. Елордалық полиция дерегінше, 24 жастағы жігіт басқа біреудің көлігін заңсыз иемденіп, мас күйінде көлік жүргізген. Соңында жол апатын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішкен күйде көшеге шыққан. Тұрғын үйдің ауласында тұрған құлыпталмаған "Mercedes E-230" маркалы автокөлікті көрген. Автокөліктің кілттері тұтандырғышта болғандықтан, көлікті иемденіп, қаланы көлікпен аралап жүрген. Көп ұзамай бағанаға соғылған. Осылайша 3 миллион теңге сомасында материалдық шығын келтірді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Зарина Арман
Бөлісу: