22.07.2025
21:12
4243
Иранды құрғақшылық жайлады

Иранды құрғақшылық жайлады

Иранда көп жылдан бері жалғасып келе жатқан су тапшылығы мәселесі жаз мезгілінде күрт ушығып, шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы Azad İran YouTube арнасында жарияланған видеосюжетте айтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елдің ресми тұлғалары мен сарапшылары су ресурстары бойынша дағдарыс жағдайы қалыптасқанын мәлімдеп отыр. БАҚ беттерінде де сараптамалық материалдар көп.

Сюжет авторының айтуынша, күнделікті өмірде және тұрмыста ауыз судың жетіспеушілігі азаматтарға айтарлықтай қиындықтар туғызып отыр және бұл мәселе әлеуметтік желілерде басты тақырыптардың біріне айналған.