Ирандағы жойқын жарылыстан 73 адам қаза тапты

3 Қаңтар, 22:01 1116

Иранның Керман қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 73-ке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИРНА-ға сілтеме жасап. 

Бүгін Керман қаласындағы бейітке барар жолда жойқын жарылыс болды. Алғашқы жарылыс Кассем Сулеймани жерленген бейіттен 700 метр жерде, ал екіншісі  қажылар жолы мен бақылау қақпасының сыртында, мазараттан 1 шақырым жерде орын алған. 

Жедел жәрдем қызметі басшысының айтуынша, зардап шеккен 170-тен астам адам ауруханаға жеткізілді. 73 адам қаза тапқан. 

Оқи отырыңыз: 

Керман губернаторының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бұл екі жарылыстың лаңкестік әрекет екенін растады.

Перизат Саденова
Бөлісу: