Ирандағы қандастар елге қайтарылмайды – СІМ

2 Қазан, 16:36 922

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шиеленіс өршіген Израиль, Иран және Ливандағы қандастар елге қайтарылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Олар қандас болса да сол елдің азаматтары. Біріншіден, оларды біз елден шығара алмаймыз. Екіншіден, 30 жылдың ішінде олар Қазақстанға көшіп келуді қаласа, бұған дейін де көшетін еді. Сондықтан әзірше, біздің ең бірінші мақсатымыз Қазақстанның азаматтарын көшіру. Одан кейін ұсыныс түссе басқа елдің азаматтарын көшіреміз, - деді СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Израиль, Иран және Ливанда қанша қазақстандық барын және олардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қабылданатыны жайлы мәлімдеді.

Миражан Махан
Бөлісу: