04.07.2024
11:51
1172
Иран президентінің міндетін атқарушы саммитке марқұм президенттің суретін әкелген

Иран президентінің міндетін атқарушы саммитке марқұм президенттің суретін әкелген

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр.Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохердің үстелінде жақында қайтыс болған президент Ибрагим Раисидің суреті тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ибрахим Раисидің суреті осы елдің туының жанында Иран президентінің міндетін атқарушының үстеліне орнатылды.