22.05.2024
11:51
971
Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисидің денесі бейсенбіде, яғни 23 мамырда елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылады. Раисидің жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәжіліс Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, - делінген хабарда.

Еске салайық, Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді.