Иран президенті тікұшақ апатында көз жұмды

20 Мамыр, 09:31 1131

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ экипажы апат кезінде қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі euronews.com-ға сілтеме жасап.

Апат салдарынан Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшағының барлық жолаушылары мен экипажы қаза тапты. Бұл туралы Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд мәлімдеді.

Айта кетейік, оқиға Тегераннан шамамен 600 шақырым жердегі Шығыс Әзірбайжан провинциясында болды. Тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласы маңына апатты жағдайда қонған.

Бортта Иран президенті Ибрахим Раиси, Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: