Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Фатима Мохаджерани бүгін баспасөз мәслихатында журналистерге "Хиджаб және пәктік туралы" заң жобасынан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Еркін Иран" Telegram арнасы хабарлады.
Фатима Мохаджеранидің айтуынша, заңның кейбір ережелері елеулі әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін.
Дұрыс әрі ақылды қадам жасап, біз хиджаб пен пәктік туралы заңнан бас тарттық, - деді баспасөз хатшысы.