Ипотека жайлы пайдалы кеңестер

3 Сәуір 2017, 11:55 3509

Ипотека ұйығына түспейін десеңіз...

Баспанаң болмаса, бабың болмайды. Қалтасындағы қаржысы үйлі болуға жетпеген соң, осыдан шығар жол іздейтін отандастарымыз Ипотека алуға асығатыны белгілі. Десек те, үйлі болып, күйлі күй кешемін деп шаттануға мүлде болмайды. Ипотеканаң әуре-сарсаңы сізді көбірек мазаламас үшін алдымен мына кеңестерге құлақ асқаныңыз дұрыс.

Ай сайынғы сіз бұрын елестете алмаған шығындар әбігерге салуы мүмкін. Ипотеканың қарқынына ілесемін дегенше, сізді құтқарар қор қажет.

Банктер арасындағы бақталастық сіздің пайдаңызға шешілсін. Өзіңізге ыңғайлы пайыздық көрсеткіш пен мерзімді салыстырып көріңіз.

Тіпті, сізге ыңғайлы мерзімді ұсынып тұрса да, көрсетілген пайыздық көрсеткіштен аулақ болыңыз! Сіздің жалақыңыз 300 мың теңге болса, төлеміңіз 70 мыңнан жоғары болмасын.

Қазақстандық баспаналардың бағасы – теңгеге тиесілі. Сол себепті. Құбылмалы доллардың алдауына түсіп қалмаңыз. Бүгінгі бағам ертең-ақ төмендеп, не аяқ асты шарықтауы ғажап емес.

Кей банктерде жылдар өте сіз алған пайыздық көрсеткіш төмендеуі әбден мүмкін. Бұл сәтте сіз пайызы әлдеқайда төмен жаңа несие алып, ипотекаңызды жаба аласыз. Ал егер банк қайта қаржыландыруға мүмкіндік бермесе, сіз мұндай «сыйлықтан» құр қаласыз.

Уақыты  неғұрлым аз болса, сіздің банкке қайтаратын үстеме ақшаңыз да азырақ болатынын ұмытпаңыз!

Айталық, бар болғаны 1%-ға пайызы өзгерді, бұл пайыздың жылдар өте қаншаға көбейетінін білесіз бе? 1 миллион қарызыңыз, он жылдан соң, 10 миллионға бір-ақ шығады. 

Қарыз алушылардың 9/10 ертерек құтыла алмайды. Алған ақшаңыз баспана «қазынасына» жетпей қалуы мүмкін.

Өмірде түрлі жәйттар орын алуы ғажап емес. Сол себепті, өміріңізді сақтандырып қойғаныңыз, ипотеканы біраз уақытқа дейін төлеп тұруыңызға жағдай жасайды.

Бөлісу: