Ипотека рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

3 Қыркүйек 2022, 13:20 2721

Ипотека алу – бұл өте маңызды қадам. Банктен пәтер сатып алуға несие алу туралы шешім қабылдау үшін жақсы дайындық және өз мүмкіндіктеріңізге сенімділік қажет.

Ипотекалық кредитті коммерциялық банктер және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын бір мемлекеттік мамандандырылған банк ұсынады.

Жалпы шарттармен қарыз ала беруге болады, ал жеңілдетілген несиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламалардың бірін ғана таңдай аласыз, мысалы, «Алматы жастары» немесе «7-20-25».

Әрбір банк сізді осы немесе басқа қол жетімді бағдарламалардың шарттарымен таныстыра алады.

Ипотека алуға өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:

- жеке куәлік;

- қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);

- табысты растайтын құжаттар;

- соңғы 6 айдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

- кепілге берілетін жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар. 

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары кепіл туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банкте қалады. Банк қажет болған жағдайда қосымшақұжаттар сұратуға құқылы.

Руслан Мухамадеев
Бөлісу: