Ипотека: мөлшерлемесі мен талаптары

18 Тамыз 2022, 09:18 2410

Біз Қазақстандағы ипотекаға байланысты туындайтын сауалдарға жауап іздеп көреміз. Ипотеканың қандай түрлері бар, ипотека алу үшін табыс көлемі қандай болуы керек, алғашқы жарнаға жинақты қалай жинау қажеттігі және өзге де сұрақтар.

Еліміздегі ипотека

Қазақстанда ипотеканы екінші деңгейлі онға жуық коммерциялық банктен және бір мемлекеттік банк қатысуымен, яғни «Отбасы банктен» алуға болады. Сыйақының тиімді мөлшерлемесі 17.5%-тен басталады.

ҚР банктері ипотеканың түр-түрін ұсынады:

- жалақы алатын клиенттер үшін – сыйақы мөлшерлемесі сәл төмендеу;

- тікелей құрылыс жүргізушіден белгілі бір тұрғын үйлерге;

- «7-20-25» бағдарламасымен;

- нарықтық, барлығына бірдей;

- стандартты рәсімдеу және онлайн-несиелеу.

 

Ипотека беретін банктер тізімі:

- «Қазақстанның Халық банкі»,

- «Банк ЦентрКредит»,

- Bank RBK,

- Freedom Bank,

- «Нұрбанк»,

- Altyn Bank,

- ForteBank

- Қазақстандағы Қытай банкі,

- «Шинхан Банк Қазақстан»,

- «Отбасы банк».

 

Нарықтық ипотеканы алу үшін табыс көлемі қандай болуы керек?

 

•          Несиелер бойынша жалпы төлем табыстың 50%-інен аспауы керек.

•          Егер ипотека бойынша төлем 200 мың теңгені құраса, онда табысыңыз 400 мыңнан кем болмауы керек.

Ипотеканы рәсімдеуге қажетті құжаттар.

Шағын тізім:

- жеке куәлік/паспорт;

- соңғы 6 айдағы табыс пен зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

- бағалау туралы есеп, мүлік құжаттары.

банктер қосымша құжаттар сұрата алады.

Исламдық ипотека дегеніміз не?

Бұл банктің көтерме сыйақысынсыз, сөйте тұра нақты белгіленген бағамен берілетін несие.

Бұл ипотека Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында қолжетімді. Оны беру кезінде үміткерлердің діни ұстанымы ескерілмейді.

Әзірге ислам банктері арқылы ипотека беру уақытша тоқтатылған, дегенмен жуық арада қайта басталуы тиіс.

Ипотека неше жастан бастап беріледі?

Негізі зейнет жасына шыққанға дейін, яғни 63 жасқа дейін беріледі. Кей банктер 68 жасқа дейін, яғни клиенттің несие уақыты аяқталғанға дейін күтеді.

Автор: Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: