Иорданияда қазақ киіз үйі орнатылды

18 Қазан 2022, 15:57 1089

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған

Жыл сайынғы  58-ші халықаралық дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал мен біздің отандастарымыз барған киіз үйді орнатты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған.

Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді және Иорданияның тұрмысы нашар отбасылары балаларының білім беру қажеттіліктеріне арналған.

Мабаррат Ұм әл-Хусейн институты - 1958 жылы Иорданияның марқұм патшайымы Зейн әл-Шараф құрған қайырымдылық ұйым. Институт 6 мен 18 жас аралығындағы иорданиялық ұлдарға баспана мен білім береді.

Бөлісу: