Соңғы жылдары әлемдік медиа мен сарапшылар "инцел" атты қауіпті интернет-қауымдастық туралы жиі айтып жүр. Бұл термин өзіне-өзі қол жұмсау, жек көрушілік, әйелдерге қарсы шабуыл секілді оқиғалармен байланысты аталып келеді. Қазақстанда да жастар арасында бұл идеяның таралу қаупі жоқ емес. Бұл мақалада El.kz интернет порталы инцел құбылысының мәнін, оның қаупін, белгілерін және алдын алу жолдарын қарастырады.
Incel сөзі ағылшын тіліндегі involuntary celibate — «еріксіз бойдақ» тіркесінен қысқартылып алынған. Бұл атау өз еркінен тыс жыныстық немесе романтикалық қарым-қатынас орната алмай жүрген адамдарға қатысты қолданылады. Ал бастапқыда өзін-өзі сипаттау құралы болған бұл атау уақыт өте келе қоғамға жек көрінішті, агрессивті, тіпті радикалды идеологиямен байланыса бастады.
Инцел қауымдастығы көбіне интернет-форумдарда (мысалы, 4chan, Reddit-тің бұрынғы бөлімдері, арнайы incel сайттары) бірігеді. Бұл топтарда әйелдерді, табысты ер адамдарды (оларды "чэд" деп атайды), тіпті қоғамның өзін кінәлау әдетке айналған.
Инцел қауымдастығы сырттай қарағанда жай ғана ренжіген ер адамдардың тобы секілді көрінуі мүмкін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл идеялар жиі нақты қылмыстық әрекеттерге алып келеді.
Инцел форумдарында жасөспірімдер мен жастар үнемі негативті, өз-өзін жек көретін, агрессивті ойларға бой алдырады. Бұл олардың психикалық денсаулығына зиян тигізіп, өз-өзіне қол жұмсау, депрессия, қоғамнан оқшаулану секілді салдарға алып келуі мүмкін.
Инцел көзқарасты ұстанатын адамдарда төмендегідей ерекшеліктер кездесуі мүмкін:
Инцел қауымдастығының таралуына қарсы тұру — жалпы қоғамның, ата-аналардың, мектеп пен ЖОО-ның, тіпті медиа мен IT-компаниялардың ортақ міндеті.
Әзірге инцелдерге байланысты ашық қылмыстар немесе шабуылдар тіркелмегенімен, интернет пен әлеуметтік желі арқылы бұл идеялар жасырын тарауы мүмкін. Тіпті әзіл түрінде болса да, «мені ешкім сүймейді», «қыздар тек ақшасы барларға қарайды» деген сөздер арқылы жастардың ойы улануы мүмкін. Сондықтан бұл тақырыпты есте жоқ, түкке тұрмайтын құбылыс деп қарастыру – қате.
Инцел құбылысы — заманның жаңа сынағы. Бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес, интернет, жалғыздық, психологиялық қысым және гендерлік теңсіздік сияқты өзекті мәселелердің тоғысынан туған түсінік. Қоғам бұл проблеманы елемей қойса, ол тереңдей түсуі мүмкін. Ал оған қарсы тұрудың ең тиімді жолы — түсіндіру, қолдау және ерте алдын алу.