Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды

25 Мамыр, 03:26 692

Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда тұрып жатыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: