02.10.2022
00:39
4214
Жаңалықтар

Интерпол Саидбаевтың ұсталғаны жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Қазақстан Интерполы Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдік бойынша іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталуы туралы шетелдік әріптестерден ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - деді Қазақстан Интерполы.

11 ақпанда Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланған болатын.