Интернеттегі таныстық: алматылық бойжеткенді ұрып-соғып, тонап кетті

15 Тамыз, 10:32 1282

Алматылық бойжеткеннің интернеттегі ер азаматпен таныстығы оны қайғылы жағдайға душар ете жаздаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен Дина Таңсәрінің «НеМолчи» қорына өзінің басынан өткерген оқиғасын айтып берген.

Оның сөзінше, интернетте ер азаматпен танысып, екеуі 27 шілде күні кездесу туралы шешім қабылдаған. Жігіт қызды жүргізушісімен келіп алып кететінін айтқан. Ал таныстық мейрамханада жалғасады деп сөз берген.

Көлікке отырған бойда бойжеткеннің телефоны мен қолдорбасын тартып алып, оны қаланың сыртына алып кеткен. Белгілі болғандай, кездесуге шақырған жігіт те, оның жүргізушісі де түрмеден жақында ғана шыққан екен. Олар қызды ұрып-соғып, телефоны мен Kaspi-інің паролін біліп алған. Сонан соң жол бойындағы әртүрлі банкоматтардан ақшаны шешіп алған, - делінген қор мәліметінде.

Полиция мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің бірі ұсталды, қызметкерлер оның сыбайласын қолға түсіру бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті сараптама тағайындалды, - делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: