17.08.2022
17:38
1559
Интернеттегі діни ағымдар мәселесі талқыланды

Интернеттегі діни ағымдар мәселесі талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Интернет кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын алу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізді, деп хабарлайды El.kz.  

Интернет-конференция барысында интернет кеңістікте зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықтың радикалды идеологияларға иммунитетін қалыптастыруға, сондай-ақ дінтанулық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.

Конференцияға Дін істері комитеті Интернет кеңестікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Долиев қатысты.