Instagram-дағы жалақысы жоғары ТОП-5 мамандық

15 Қаңтар, 18:30 1872

Ай сайын кем дегенде 1 миллиард адам Instagram-ды пайдаланады. Ал қазақстандық 10,45 миллион қолданушы Instagram-да өз парақшасын ашқан. Танымал әлеуметтік желіде табыс тауып, жеке брендін қалыптастырған блогерлер де көп. Олардың көпшілігі онлайн саудамен айналысып, өз қызметтерін сатады. Блогер болмай-ақ, Instagram-да пайдалаға кенелудің жолын білесіз бе? Ендеше, Instagram-да қандай мамандық арқылы айлық алуға болатынына тоқталайық.

 

  1. Instagram маркетологы

Басты міндеті - парақша иесінің мақсатты аудиториясын анықтайды. Жарнамалық кампанияларды жүргізеді, жазбалар мен рилз-видеолардың мазмұнын жоспарлайды, конкурстар мен тікелей эфирлерді ұйымдастырады, инфлюенсерлермен жұмыс істейді, жеке жазылған хаттар мен пікірлердегі сұрақтарға жауап береді. Нарықтағы бағаға сәйкес, жаңадан бастағандар үшін бір аккаунтпен жұмыс істеудің ең төменгі құны 50 мыңнан басталады. Білікті мамандардың орташа бағасы шамамен 150 мыңды құрайды. Тәжірибесі мол мамандар айына шамамен 250 мың немесе одан да көп жалақы алады. Әрине, еңбекақы аккаунт иесінің қоятын талаптары мен тапсырмаларына байланысты өзгеріп отырады.

Маркетолог стратегияны әзірлеп, жарнамалық және аналитикалық құралдарды пайдалана алуы тиіс. Сондай-ақ таргетолог маман болмаса, мақсатты жарнаманы орнату, осы бағыттағы блогерлерді зерттеу білуі тиіс. Аудиторияның белсенділігіне көңіл бөліп, сонымен қатар,менеджмент дағдыларына мән беріледі.

 

  1. Instagram маскаларының AR әзірлеушісі

Әлеуметтік желіде storis жазу үшін AR эффектілерін әзірлейді. Қазір кез-келген блогердің, көптеген компаниялардың өз маскалары бар. Олар аудиторияның қолжетімділігі мен белсенділігін арттыруға, автордың  танымалдығын арттыруға көмектеседі. Бұл шығармашылық және мазмұнды контентті вирус сияқты тарату үшін жақсы мүмкіндік. Бір қызығы Instagram маскалар үшін ақы төлемейді, керісінше олардың көмегімен жазылушылардың белсенділігін арттыруға тырысатын брендтер мен блогерлер қаржы шығындауына тура келеді. Нарық әлі қалыптаспаған, сондықтан бір масканы жасайтын әзірлеушілердің бағасы әртүрлі болуы мүмкін. Мұның бәрі масканың қиындығына, тапсырыстар санына және шеберлікке байланысты. Ең қарапайым масканы жасау құны 15-25 мың теңге аралығында болуы мүмкін. Күрделі маскалар 70-80 мың, ойын маскасы 200 мың теңге аралығында тұрады.

AR әзірлеуші мына қабілеттерді меңгеруі тиіс:  дизайн теориясын білу, текстуралау, анимация негіздерін меңгеру, графикалық редакторларды, 3D және Javascript-пен жұмыс істеу бағдарламаларын түсіну.

 

  1. Контент-менеджер

Блогерлер кейде контент-менеджердің көмегіне жүігін жатады. Олар мәтін жазып қана қоймай, посттар мен рилз-видеолар үшін фотосуреттер, бейнелер дайындайды  немесе техникалық шарттарды, контент-жоспарды жасайды және дизайнерлердің жұмысын үйлестіреді, копирайтерлер жіберген мәтінді де түзетеді. Жарнамалық және аналитикалық құралдармен жұмыс істейді, профиль анкетасын жасайды. Көбінесе әкімшілік жұмыс (мысалы, хабарламалар мен түсініктемелерге жауап беру) контент менеджерінің міндеті емес. Фриланста табыс тұрақсыз болғадықтан жалақы сомасы 15 мыңнан 200 мыңға дейін болуы мүмкін. Бір уақытта үш-төрт жобаны жүргізуге болады. Штаттағы орташа жалақы да тәжірибе мен дағдыларға байланысты өзгереді. Негізгі міндетіне мақсатты аудиторияны анықтау, дұрыс хэштегтерді таңдау, сауатты, түсінікті және қызықты мәтіндер жазу кіреді. Суреттер мен бейнелермен, графикалық редакторлармен және өңдеу қосымшаларымен жұмыс істеу, мердігерлермен өзара байланыс орнату дағдыларының, редакторлық және басқару қабілетіне ие болу, кем дегенде SEO жарнамасы мен аналитикасы туралы аз-маз білімнің болуы маңызды.

 

    4. Instagram-таргетолог

Таргетолог мақсатты жарнаманы тек белгілі бір пайдаланушыларға көрсету үшін посттарды мақсатты аудиториясына сәйкес реттейді. Параметрлер әр түрлі болуы мүмкін: жасы, қызметі, хоббиі, оқу орны, геолокациясы және аталған пункттерге байланысты жарнама беру құны да өзгереді. Жалақы тәжірибеге, жұмыс түріне (штаттан тыс немесе толық жұмыс күні), міндеттер жиынтығына және аймаққа байланысты. Мұндай маман орташа есеппен айына 50 мыңнан 500 мыңға дейін және одан да көп ақша таба алады. Табысты арттыру үшін бір уақытта бірнеше клиенттен тапсырыс алуға болады. Excel және маркетинг негіздері, мақсатты аудиторияны сегменттеу және бәсекелестердің жұмысын талдау қабілеттерін меңгеру керек. Автоматты талдау және талдау құралдарын пайдалану, бюджетті жоспарлау, Facebook Ads Manager жарнама кабинетімен жұмыс істей білу, қайта таргеттеумен жұмыс істеу, қысқа сатылатын мәтіндерді жазу және кескінді өңдеу қызметтерін қолдана білгені дұрыс.

 

   5. Визуал-менеджер

Компанияның бренд-букіне, блогердің стиліне және дизайндағы жаңа тенденцияларға сәйкес аккаунтта эстетикалық тартымды фото лента әзірлейді. Фотографтармен және видеографтармен ынтымақтасып, оқиғаларды, маңызды сәттерді ерекше жеткізудің тәсілдерін, идеясын зерттейді. Highlights айдарына сақталған суреттердің дизайнын ойластырады.

Бір аккаунттың лентасын визуалдау ақысы 25 мың теңгеден басталады. Парақшаның стилін талдау, ұсыныстарды әзірлеу және профильді жобалау стратегиясы шамамен 15-25 мың теңгені құрауы мүмкін. Көбінесе визуал жасауға дизайн және көркемдік білімі бар мамандар сай келеді, сондай-ақ бағасы нақты тәжірибеге, дағдыларға және аймаққа байланысты фотографтар да бұл қызметпен айналыса алады. Визуал жасауды үйренгісі келетіндер профильді талдау, визуалды дизайн стратегиясын құру, коммерциялық фотосурет принциптерін білу, мобильді фотосессиялар жүргізу қабілеттерін меңгереді. Суреттер мен бейнелерді өңдеуге арналған қызметтер мен бағдарламаларды зерттеп, өзіндік ерекше талғамы болуы маңызды екенін айта кеткен жөн. Мақсатты аудиториямен жұмыс кезінде визуалды маман қажет болуы мүмкін, содан кейін жарнамалық макеттердің қалай жасалатынын түсіну керек.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: