Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды

17 Мамыр, 12:50 583

Туризм және спорт министрлігіне әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереялық ұтыс ойындарына алданған азаматтардан түсетін шағым көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге шара қолданды. Министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек 35-тен астам жағдай бойынша хаттамалар дайындалып жатыр.

Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, - делінген мәліметте.  

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Жетісу облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея қызметін ұйымдастырғаны үшін жазаланған еді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: