03.08.2022
11:02
2160
Жаңалықтар

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті,– деп хабарлайды El.kz.

– ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті.

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, – делінген ведомство хабарламасында.

«Innova Gold» қызметінен зардап шеккен азаматтар ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.