Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

23 Қыркүйек 2022, 11:05 1342

Иран Шархан 1987 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран Шархан 1987 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген.

2009 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2012 жылы Қазақ экономикасы, каржы жане халықаралық сауда университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласы, «Иран» ЖШС маркетинг жөніндегі бас маманы ретінде бастаған.

Министрліктегі еңбек қызметі 2015 жылдан бастап Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымында басталды.

ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, «ҚР СІМ Дипломатиялық сервисі» ШЖҚ РМК директоры, Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін ҚР ИИДМ Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды.

Бөлісу: