inDriver-ді жасаған кәсіпкер Қазақстан азаматтығын алды

3 Желтоқсан 2023, 14:49 870

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді, - деп жазды министр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: