08.07.2025
20:13
7737
inDrive негізін қалаушы алғаш рет сүйіктісін жария түрде көрсетті

inDrive негізін қалаушы алғаш рет сүйіктісін жария түрде көрсетті

ІnDrive халықаралық қызметінің негізін қалаушы, миллиардер Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алып, компанияның штаб-пәтерін елге көшіргеннен кейін алғаш рет жұртшылыққа өзінің сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды El.kz хабарлады интернет порталы.

Томский Instagram парақшасында сүйіктісі туралы:

Қалалардың дамуы, болашаққа бағытталған идеялар, ауқымды жобалар – бәрі оның қолында. Қарапайым отбасынан шыққан, провинциялық мектептен әлемнің үздік университеттерінің бірінде Master of Science дәрежесіне дейін жеткен. Барлық нәрседен үнемдеуден – елді өзгертіп жатқан әлеуметтік жобаларға дейін. Бірақ мен үшін ол жай ғана – Кама. Күшті, нәзік, ақылды. Онымен әр күнді бөлісу – бақыт, - деп жазды.

Арсен Томскийдің сүйіктісі – Камила Лұкпанова. Ол Almaty Tourism Bureau мен қоғамдық кеңістіктер жобаларын іске асыратын TANA қорының негізін қалаған. Білімі бойынша – журналист, Master of Science академиялық дәрежесіне ие. Камила Томский басқаратын компанияда жұмыс істемейді және оған бағынышты тұлға емес.

Арсен Томский деген кім?

1973 жылы 20 қарашада Якутияда дүниеге келген. Математика және бағдарламалау саласы бойынша білім алған. 2013 жылы inDriver (қазіргі inDrive) сервисін құрды. Жолаушы мен жүргізуші арасындағы тікелей келіссөз форматына негізделген бұл қызмет әлемдегі ірі технологиялық платформалардың біріне айналды. 2021 жылы $150 млн инвестиция тартқаннан кейін компанияның құны $1,23 млрд-қа жетіп, «бірмүйізді» стартаптар қатарына енді.

2022 жылы кеңсесі мен қызметкерлерін Ресейден көшіргеннен кейін, Арсен Томский Ресей азаматтығынан бас тартып, 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан азаматтығын алды. Forbes Kazakhstan мәліметінше, оның капиталы $920 млн-ға бағаланып, 2024 жылдың мамырында Қазақстандағы ең бай 10 кәсіпкердің қатарына енді.

Отбасы, махаббат және адалдық күніне орай жарияланған бұл ақпараттан кейін қоғамда жұптың қарым-қатынасына деген қызығушылық арта түсті.