20.10.2025
14:00
613
«inDrive дыбыстаған» жобасының аясында Астанада Қазақстанның заманауи ақындарының өлеңдері жырланады

«inDrive дыбыстаған» жобасының аясында Астанада Қазақстанның заманауи ақындарының өлеңдері жырланады

Астанада – жолдағы шу, көліктердің жарығы, көшенің тынысы — жас ақындардың өлеңдерінде жырланады. Олар Астанадан шабыт алып, қаланың қозғалысын поэзия ағынына түсірді. inDrive жаһандық көлік және қалалық қызметтер платформасы қаланың күнделікті қозғалысын көркем бейнеге айналдырып, «inDrive дыбыстаған» арт-жобасын шығарды. Жоба аясында автокөліктер заманауи поэзияның тасымалдаушыларына айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан бес жас автор – Қайырбек Салтанат, Сұлтанқожа Айжарық, Аманжол АқжанРысимбетова Алия және Нұртілеу Қадырқұл жол, көлік қозғалысы және сүйікті қаласы туралы өлең жолдарын көпшілікке ұсынды. Енді олардың өлеңдері Астанада күнде жүретін көліктерде өмір сүреді. Көлік – поэзия жинағына, ал Астана – эмоция мен өнер кеңістігіне айналды.

inDrive

Қала жай ғана кеңістік емес, ол адамдардың ырғағына, қимылы мен ойына толы тірі ағза. Поэзия – мегаполистің жанына үңілуге және оны сезінуге мүмкіндік беретін ағзаның тынысы. Брендтер де  осыны сезініп, өнер мен мәдениет тілінде сөйлейтіні қуантады, – деп атап өтті қазіргі қазақстандық ақын Айжарық Сұлтанқожа.

Жобаның негізінде мәңгілік ішкі қозғалыстың, бір күйден екінші күйге сырғып өтудің метафоралық идеясы жатыр. Қысқа бейнероликтер сериясында ақындардың жүзі – өтіп бара жатқан адамдардың силуэттері, елорданың түнгі шамдары, зәулім ғимараттардағы көріністері – қала адам ішінде өмір сүріп жатқандай Астананың бейнесіне айналады. Бұл көрнекі баяндау қозғалыс тек сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі – эмоционалды және шығармашылық болуы мүмкін екенін көрсетеді.

inDrive

Бүгінде айналамызда тез және арзан дофамин беретін контент тым көп. Осыған байланысты терең және шынайы поэзия жиі ұмытылады. Біз, inDrive, әділетсіздікпен күресетін компания ретінде осы мәселеден аттап өте алмадық және Қазақстанның жас және талантты ақындарына мінбер беруді ұйғардық. Біз поэзияны тиісті жеріне – көпшілікке және адамдардың жүрегіне қайтара алдық деп ойлаймын, – деп атап өтті inDrive компаниясының Қазақстандағы аймақтық маркетинг менеджері Саина Куприянова.

«inDrive дыбыстаған» жобасы – өнер мен брендтің ынтымақтастығы ғана емес. Бұл Қазақстанның шексіз контент ағынында оқырмандар назарына түсуге мүмкіндік беретін жас ақындарына арналған алаң.

Бейнелерді inDrive-тың Instagram парақшасынан көруге болады. Аудио формат әуесқойлары өлеңдерді Apple Music, Spotify, VK Music, YouTube Music және Яндекс.Музыка платформаларында таба алады.

inDrive