17.05.2024
05:36
1198
Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

Чонбури қаласында (Таиланд) өтіп жатқан индорхоккейден әйелдер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің команда ақтық сында Таиландқа 2:6 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Азия кубогында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде А тобында сынға түсті. Жарыс барысында Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, Оманды 8:0, Иранды 5:1 есебімен тізе бүктірді.