Индер ауданында бөгет бойына кезекшілік пункттер қойылып жатыр

5 Мамыр, 06:24 593

Бұл туралы Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін аудан бойынша 18 шақырым қорғаныс бөгеті болған еді. Биыл қауіптілік деңгейін ескере отырып, қосымша 12 шақырым бөгет соғылды. Осылайша, аудан бойынша жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын бөгет салу жұмыстары 100% аяқталды. Дегенмен, қауіпті учаскелердегі ауылдарда қосымша бөгет нығайту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні Жайықтың деңгейі 8 метр, 20 см құрап отыр. Аудан бойынша қауіптілік деңгейі 8 метр, 45 сантиметрді құрайды. Сол себепті, Жайық жағалауында орналасқан ауылдарда кезекшілік пункттері ұйымдастырылып отыр" деді спикер.

Еске сала кетелік, Индер ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстарына 85-ке жуық арнайы техника, 400-ге жуық мекеме қызметкерлері мен волонтерлар, 270 сарбаз жұмылдырылды.

Қазіргі таңда Индер ауданы бойынша тасқын қаупі Жарсуат ауылдық округіне төніп тұр. Қауіпті аймақтағы округ құрамына Жарсуат, Құрылыс ауылдары кіреді.

Зарина Арман
Бөлісу: