20.05.2025
11:50
1841
IMEI-тексеру: Енді смартфондар нарығы заңдастырылады

IMEI-тексеру: Енді смартфондар нарығы заңдастырылады

2024 жылы Қазақстанда бір брендтің 1,2 миллионға жуық құрылғысы іске қосылды, олардың тек төрттен бірі ғана ресми тіркеуден өткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Дамир Сейсембековтің айтуынша, 900 мыңнан астам смартфон кедендік және салықтық рәсімдерді айналып өтіп, нарыққа заңсыз кірген.

Ұқсас жағдай басқа брендтерде де байқалады. Мәселенің ауқымы осындай болғандықтан, оны жүйелі түрде шешу қажет. Сол себепті 2025 жылдан бастап IMEI-верификацияның міндетті тәртібі енгізіліп отыр. Бұл — нарықты заңдастыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және экономиканы қолдауға бағытталған маңызды қадам.

IMEI-верификацияны енгізу — барлық нарық ойыншыларына ашық әрі әділ орта қалыптастыру. Жобаның іске асуы, ресми жеткізілім арттырып, брендтік дүкендер ашылуына ықпал етіп, бәсекелестікті күшейеді. Ал бұл өз кезегінде бағалардың төмендеуіне әкеледі, — деп атап өтті ҚР Цифрлық даму министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков.