18.04.2024
14:08
778
Илья Ильин экоакцияға қатысты

Илья Ильин экоакцияға қатысты

Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин президенттің табиғатқа қамқорлық таныту туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Достар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтарды экожүйемізді қорғауға, табиғат тазалығын сақтауға шақырды.

Біз Танюша екеуміз бұл тамаша бастаманы толығымен қолдаймыз, сондай-ақ, қымбатты достар, сіздерді тазалық күндеріне шығуға шақырамыз! – деді Ильин.

Спортшының айтуынша, жұбайы екеуі сенбілікке шыққанды жақсы көреді.

Көктем келді! Бұл тамаша мезгіл! Танюша екеуміз сенбіліктерді жақсы көреміз! Қазақстанымызды бірге таза етейік! – деп жазды Илья Ильин.