Илон Масктың кәсіпкерлерге 5 кеңесі

28 Наурыз 2017, 11:27 7293

«Тәуекелшіл бол, бірақ қосымша жоспарың болсын»

Илон Маск — революциялық тың жобаларымен әлем жұртшылығының назарына түскен адам. Оның бастамасымен жүзеге асқан «Teslo Motors», «SpaceX» жобалары келешек ұрпақ үшін жасалған маңызды істердің тізіміне енді. Назарларыңызға Илон Масктың кәсіпкерлерге берген басты 5 кеңесін ұсынамыз.

  1. Баланы жастайынан кәсіпкерлікке машықтау қажет.

Илонның бизнеске икемі — 12 жасында байқалған. Ол өзінің ойлап тапқан ойынын $500 сатып, ата-анасын таңғалдырған.  

  1. Тапқан табысыңды жинамай, басқа кәсіпке инвестициялап, капиталыңды ұлғайтуға тырыс.   

Ең алғаш тапқан пайдасын Илон өз қажетіне жұмсап, жоқшылық көрмей өмір сүруіне болатын еді. Бірақ кәсіпкер олай істеген жоқ. Екі жыл бойы құрған компаниясын сатып, табысын формацевтика саласына құйды. Бұл Илонды басқа кәсіпкерлерден ерекшелейтін басты қасиеттердің бірі.

  1. Тәуекелшіл бол, бірақ қосымша жоспарың болсын.

2002 жылы Илон Маск «SpaceX» компаниясын құрды. Оның мақсаты ғарышды игеруді мейлінше арзандату еді. Жобаға құйылған $100 млн. және үш сәтсіз әрекеттен кейін көпшілік «бұл жоба осымен аяқталды» деп баға берген болатын. Алайда төртінші рет ұшырылған ракета ғарыш кемесін космосқа жеткізіп, жерге қайта қонды. Бұл әлем тарихында орын алған үлкен жаңалықтың бірі еді.

  1. Аптасына кемінде 100 сағат жұмыс істе.  

Илоннан оның табысының кілті неде екенін сұрағанда ол былай жауап берді: «Табыстың кілті тек еңбек. Мен аптасына 100 сағат жұмыс істеймін. Сондықтан аптасына 40 сағат жұмыс істейтін адамнан ісімді екі жарым есе ерте аяқтаймын» - деп жауап берген екен.  

  1. Әрдайым өзіңе «бұл істі қалай жақсырақ істесем болады?» деген сұрақ қой.

Кәсіпкердің айтуынша кез-келген іспен айналыспас бұрын өзіне осындай сұрақ қоятын адам міндетті түрде жетістікке жетеді.

              

Бөлісу: