20.09.2025
11:27
467
Илон Масктің компаниясы адамның ойын мәтінге айналдырмақ

Илон Масктің компаниясы адамның ойын мәтінге айналдырмақ

Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы қазан айында адам ойын мәтінге айналдыратын жаңа технологияны сынақтан бастамақ. Бұл жоба миға орнатылатын арнайы импланттар арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Клиникалық сынақтар алдымен АҚШ-та жүргізіледі. Егер тәжірибе сәтті өтсе, аталмыш құрылғы сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Компания осындай имплантты адам ағзасына толық енгізуді 2030 жылға қарай жоспарлап отыр.

Neuralink жасаған құрылғы ми сигналдарын тікелей «оқып», оларды сөзге айналдыруға тиіс. АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) компанияға бұл технологияны клиникалық жағдайда сынауға ресми рұқсат берген.