Илон Маск Владимир Путинмен сөйлесті

22 Тамыз 2023, 09:55 913

The New Yorker басылымы америкалық миллиардер Илон Маск былтыр күзде Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Маск пен Путин Украинадағы жағдайды талқылаған.

Басылым мәліметінше, Маск Ресей президентімен әңгімелескені жайлы өткен жылдың қазан айында айтқан.

Сонымен қатар Маск Twitter-де өзінің бейбіт жоспарын жариялаудан бірнеше апта бұрын сөйлескенін растаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: