Илон Маск Twitter-дің таңбасын өзгертуге бел буды

23 Шілде 2023, 18:58 597

Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск меншік атауының логотипін өзгертуге бел буып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Таяу күндері бәріміз Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен мәңгілікке қоштасамыз, - деп жазды әлемнің ең бай адамы. 

Ол өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынып, таңдау жасауды да оқырмандарға қалдырған. 

Илон Масктың айтуынша, құс бейнесін X таңбасы алмастырмақ. Себебі бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді-міс. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: