Илон Маск шенеуніктердің ақыл-есінің дұрыстығын тексеруге шақырды

Кеше, 18:46 239

Әлемдегі ең бай адам Илон Маск американдық шенеуніктердің ақыл-ой қабілеттерін тексеруге шақырды. Бұл туралы кәсіпкер өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін алты ай бойы дауыс беруге қатыспаған 81 жастағы американдық конгрессвумен Кей Грейнджердің қарттар үйінде екені анықталған.

Мүмкін біз сайлайтын шенеуніктер үшін қандай да бір когнитивті тест енгізуіміз керек шығар? – деп жазды Маск.

Ол АҚШ-та болып жатқан жағдайды ақылға қонымсыз деп атады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: