Илон Маск: алдағы бес жылда смартфондар қажетсіз болады

Илон Маск: алдағы бес жылда смартфондар қажетсіз болады

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың айтуынша, алдағы жылдары біз білетін смартфондар кезеңі аяқталуы мүмкін. Ол бұл пікірін тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтып, 2030 жылға қарай телефондарды жасанды интеллект негізіндегі құрылғылар алмастырады деген болжам жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі смартфондар тек радиомодульдер мен жасанды интеллектке негізделген бейнеөңдеу жүйелері біріктірілген аралық құрал ғана.

Біз телефон деп атап жүрген құрылғы, шын мәнінде ЖИ-ға қосылуға арналған модуль. Негізгі "ми" бұл жасанды интеллекттің серверлері, - деді ол.

Жүргізушінің «Смартфондар мүлде жоғалып кете ме?» деген сұрағына Маск:
«Иә, солай болуы әбден мүмкін. Болашақта экранға немесе пернелерді қолмен басуға қажеттілік қалмайды», - деп жауап берді.

Миллиардердің айтуынша, қазір телефондар ЖИ-мен байланысудың тек делдал құралы. Ал болашақта жасанды интеллект адаммен тікелей әрекеттесе алады. Сондықтан құрылғылардың формасы да, қызмет ету тәсілі де өзгермек. Олар экран, микрофон және динамикасы бар шағын коммуникациялық модульдерге айналуы мүмкін.

Маск сондай-ақ болашақтағы ЖИ жүйелері пайдаланушылардың әрекетін алдын ала болжай алатын деңгейге жететінін айтады.