25.12.2024
14:30
1269
Ильхам Әлиев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

Ильхам Әлиев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 25 желтоқсан күні Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Ресейден Бакуге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлиев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ресейге барған. Президент қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Еліміздің Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

ТЖМ 25 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала.