Ильхам Әлиев Ресейдегі саммитке қатыспай, Бакуге оралады

Кеше, 13:43 328

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейдегі ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатыспай, Бакуге оралатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан президенті Бакуге оралады, - делінген РИА Новости таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына қарай ұшып бара жатқан ұшақ Ақтау қаласына жақын маңда құлады.

Көлік министрлігі әуе кемесі Әзербайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенін айтты. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. ТЖМ мәліметінше, алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: