"Іле-Балқаш" табиғи резерватында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

21 Сәуір, 19:28 785

«Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» РММ аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Алматы облысының өрт сөндірушілері қызыл жалынмен күресуде, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.  

«Қазавиақұтқару» АҚ күштері  әуеден 53 рет 159 тонна су төкті. Алдын ала болжам бойынша өрттің алдын - 18 га. Елдімекендерге қауіп жоқ.

Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертетін қатты желдің өрт ошақтарын сөндіруде қиындық туғызуда. 

Перизат Саденова
Бөлісу: