28.06.2025
20:46
1543
Іле Алатауы тауларында құтқарушылар адасқан адамға көмек көрсетті

Іле Алатауы тауларында құтқарушылар адасқан адамға көмек көрсетті

Алматы облысында «Алма Арасан» шатқалынан «Терра» алаңына қарай бет алған екі жас жігіттің бірі жолдан адасы, ТЖМ құтқарушылары іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жолдасымен байланыса алмаған екінші жігіт ұялы телефон байланысы бар «Проходная» шатқалына жетіп, құтқарушыларға хабар берген.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде адасып кеткен азамат табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

ТЖМ азаматтарды таулы аймақтарға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және бағыттан ауытқымауға шақырады.