ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

21 Қазан 2023, 12:00 754

Қазан айынан бастап еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді. ІІМ осыған байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыс мезгілінің басталуымен жолдағы көлік жүрісі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жылдамдықты асырмаңыз! Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз! Егер қысқы жүргізу элементтері туралы толығырақ айтатын болсақ, онда жылдамдықты шамамен сағатына 10-15 шақырымға азайту керек, ал көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік болуға тиіс. Міне, осындай ұсақ-түйектердің өзі жол жағдайы күрт өзгерген кезде жүргізушіге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, - деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ақтоты Боранованың айтуынша, қиылыстарда бағдаршамның жасыл түсіне жылдам қозғалу – қысқы уақытта жүргізушілердің негізгі қателіктерінің бірі.

Ол көлік жүргізушілеріне мынадай кеңестерді берді:

Өз кезегінде полицияның жеке құрамына қызмет атқару барысында қиын жағдайға тап болған жандардың барлығына көмек көрсету тапсырылды. Жолдарыңыз қауіпсіз болсын!, - деді Ақтоты Боранова.

Асқар Таудай
Бөлісу: