11.09.2025
16:48
601
ІІМ жолдарда қозғалыс жылдамдығын төмендетуге қатысты пікір білдірді

ІІМ жолдарда қозғалыс жылдамдығын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында Қазақстан қалаларында автокөліктердің қозғалыс жылдамдығын төмендетуге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Вице-министрдің сөзінше, жасанды түрде жылдамдықты шектеу жол-көлік оқиғаларының салдарын азайтуға көмектесуі мүмкін. Дегенмен ІІМ бұл мәселе бойынша шешім қабылдауға асықпайды.

Бұл әзірге қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі. Біз зерттеп көрдік: кейбір елдердің астаналарында жасанды түрде жылдамдықты төмендету тәжірибесі бар. Әрине, ол жол апаты салдарының ауырлығын азайтады. Бірақ, екінші жағынан, Астана мен Алматыда мұндай шара кептелістерге әкелетіні түсінікті. Сол себепті біз асықпаймыз, зерттейміз, қараймыз, әкімдіктермен ақылдасамыз, – деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар ол әкімдіктердің өзі де белгілі бір көшелерде жылдамдықты арттыруға немесе, керісінше, азайтуға құқылы екенін алға тартты.