ІІМ жаңа оқу жылында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті

23 Қыркүйек, 09:52 410

Жаңа оқу жылында полицейлер есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті. Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткінің зияны және олардың салдары туралы білу есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қыркүйек айынан бастап оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарда 850 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс 35 мың адамды қамтыды. Жастар бұл бағыттағы іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын қолдайды. 

Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Оқу жылының басталуы – болашақ туралы ойлануға және жаман мен жақсыны саралауға мүмкіндік беретін сәт. Бірлесіп қана біз есірткісіз сау қоғам құра аламыз, – деді ведомствода.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: