ІІМ ұялы телефонға келіп жатқан SMS-ке түсінік берді

10 Қазан 2022, 09:51 1647

Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді

ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың ұялы телефонына келіп жатқан SMS-хабарламаларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір азаматтарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр. Мұны Ішкі істер министрлігі 1414 сall-орталығы арқылы бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, яғни тіркеуден шығарылған адамдарға жіберіп жатыр. Мұндай SMS-ті алған азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі қажет. Егер сіз SMS алған кезде тіркеуді рәсімдеп қойған болсаңыз, сізге бұл туралы 1414 call-орталығына хабарлаудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ, өйткені бұл – хабарлау сипатында жасалып жатқан шара», - делінген ведомство мәліметінде.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертіліп отыр.

«Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, егер меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз», - делінген министрлік хабарламасында.


Бөлісу: